KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, В
522.38 612.6 6.54

Өскеменде Бауыржан Момышұлына арналған мурал салынып жатыр

5.05.2025, 11:30 441 Төлеуғазы Жансая

Өскемен қаласы әкімдігінің бастамасымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлына арналған мурал салынып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта муралды салу жұмыстары Өскемен қаласындағы Қабанбай батыр көшесі, 136 мекенжайындағы тұрғын үйдің қабырғасында жүргізілуде.

150 шаршы метрді құрайтын мурал батырдың бейнесін ғана емес, оның ерлігін, рухын, болашақ ұрпаққа қалдырар өнегесін де бейнелемек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу