Шығыста найзағай күтіледі
“Қазгидромет” ШҚ филиалының мәліметінше, 5 мамырда өңірдің бірқатар аумағында ауа райының қолайсыздығы күтіледі.
Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде, күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстік өңірлерде найзағай ойнайды. Жел бағытын оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауыстырып, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Сондай-ақ облыстың солтүстік-батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында да күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Өрт қаупі жоғары деңгейде болады.
Оқи отырыңыз