KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
515.02 604.22 6.5

Дауылды ескерту: жел күшейіп, өрт қаупі жоғарылайды

8.05.2025, 09:00 268 Төлеуғазы Жансая

8 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысында желдің күшеюі мен өрт қаупінің артуы күтіледі. Бұл туралы “Қазгидромет” ШҚО филиалы хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар, облыстың солтүстік-батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Өскемен қаласының өзінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Осыған байланысты тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ескертіледі.

— Жел күшейген кезде адамдар көбінесе жарнама тақталарының, ағаштардың немесе ғимараттардың қабырғаларының жанына тығылуға тырысады. Бұл – өте қауіпті. Үзілген сымдар мен құлап кетуі мүмкін құрылымдарға жақындамаңыз. Автокөлікті ашық алаңда, әсіресе шіріген ағаштардың жанына қалдырмаған жөн, — делінген төтенше жағдайлар қызметінің хабарламасында.

Өрт қауіпсіздігі үшін:

    •    Орман алқаптарына баруды уақытша шектеңіз;
    •    Құрғақ шөп пен қоқысты жағуға болмайды;
    •    Балаларға отпен ойнаудың қауіптілігі түсіндірілсін;
    •    Темекі тұқылын және әйнек сынықтарын көлік терезесінен тастамаңыз;
    •    Саяжайда су, құм және өрт сөндіргіш секілді құралдар дайын болуы тиіс.

Кез келген төтенше жағдай туындаған жағдайда “101” немесе “112” нөмірлеріне хабарласыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу