ШҚО-да тағы да дауылды ескерту жарияланды
depositphotos.com
«Қазгидромет» ШҚО филиалының мәліметінше, 1 мамыр күні түнде және таңертең облыстың шығыс бөлігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан және солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында ауа температурасы 4 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін. Сонымен қатар облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады.
Халыққа қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ескертіледі:
- Күшті жел кезінде сымдарға, тербелетін немесе ілулі тұрған заттарға жақындамаңыз;
- Аялдамалардың арты мен ағаштардың астына жасырынбаңыз;
- Өрт қаупі жоғары кезде табиғат аясында және аула маңында от жағуға тыйым салынады. Отпен мұқият болыңыз.
- Төтенше жағдай туындаған жағдайда "112" нөміріне хабарласуға болады.
Оқи отырыңыз