ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

depositphotos.com
«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпаратына сәйкес, 28 сәуір күні түнде облыс аумағында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде найзағай күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады. Солтүстік, шығыс және оңтүстік өңірлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетіп, екпіні 25 м/с болуы мүмкін.
Өскемен қаласында да найзағай болады деп күтілуде. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с болады, түнде кей уақыттарда екпіні 23 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Найзағай кезінде сақ болыңыз!
Егер сіз сыртта жүрген болсаңыз, мына қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыз:
- Найзағай кезінде жүгіруге және әбігерге түсуге болмайды.
- Электр желілеріне, биік ағаштарға жақындамаңыз.
- Металл қоршаулардың, болат құбырлар мен рельстердің жанында және басқа да электр өткізгіштердің қасында тұру қауіпті.
- Ауылшаруашылық техникасына, мотоцикл, велосипед сияқты шағын көліктерге жақындамаңыз.
Жел күшейген кезде:
- Үйлердің қабырғасында, аялдамаларда, билбордтардың жанында немесе ағаштардың астында желден жасырынбаңыз.
- Үзілген сымдар мен тербелген белгілерге жақындаудан аулақ болыңыз.
- Автокөлікті гаражға қойыңыз. Егер гараж болмаса, машинаны шіріген, ескі немесе жалғыз тұрған ағаштардың астына, әлсіз бекітілген құрылымдардың қасына қоймаңыз.
Төтенше жағдай туындаған кезде «101» және «112» нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!