KZ
Өскемен
-22°
туман Штиль
504.6 594.27 6.48

Бүгін шаһар басшысы Сол жағалау тұрғындарымен кездеседі

16.05.2025, 11:00 510 Гульжан Мусина

16 мамыр күні сағат 18:00-де Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов Сол жағалау тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кездесу алдында, сағат 17:00-ден бастап тұрғындарға арналған консультациялық топ жұмыс істейді. Сала мамандары тұрғындардың әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық, құқықтық және басқа да маңызды сұрақтары бойынша кеңес беріп, тиісті түсініктемелер ұсынады.

Кездесу Прибрежная көшесі, 85/1 мекенжайындағы №6 мектептің ғимаратында өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу