KZ
Өскемен
+29°
ясно жел 3 м/с, С
512.44 593.15 6.52

Бүгінгі жол – ертеңгі мүмкіндіктер: инфрақұрылым бойынша Шығыстың шекарадан тыс серпіні 

20.05.2025, 14:15 136 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысы транзит пен инфрақұрылым саласындағы жобаларын таныстырып, Қытай мен Қазақстан арасындағы достық көпірлерін нығайтудың жаңа бағыттарын ұсынды. Бұл ұсыныс «Алтай – ортақ үйіміз» атты халықаралық конференция аясында айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өңірде көлік инфрақұрылымын жаңарту мен кеңейтуге ерекше назар аударылып отыр. Жақын арада Тарханка–Топиха автожолының құрылысы, Уба өзені мен Өскемен қаласындағы жаңа көпірлердің салынуы, сондай-ақ облыс орталығын айналып өтетін жол жобасы іске қосылмақ. Бұл бастамалар өңірдің транзиттік әлеуетін арттырып, көршілес елдермен байланысты тереңдетуге бағытталған.

Тәжірибе көрсеткендей, тату көршілікке негізделген серіктестік нақты нәтижелерге жеткізіп отыр. Қытайлық серіктестермен бірге Тұрғысын ГЭС-і, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға арналған ветеринарлық зертхана және атом энергетикасына арналған жылу бөлгіш құрылғылар шығаратын жоғары технологиялы зауыт іске қосылды.

Айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстанда 45 бірлескен Қазақстан-Қытай кәсіпорны жұмыс істейді. Облыстың сыртқы сауда айналымындағы Қытайдың үлесі 20%-дан асып, 1 млрд АҚШ долларынан жоғары көрсеткішке жетіп отыр.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу