KZ
Өскемен
-38°
туман Штиль
512.16 594.72 6.57

Риддер қаласында қыркүйек айында жылу жүйесін жөндеу және жаңғырту аяқталады

27.05.2025, 19:00 326 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысына қатысты. Жиын барысында өткен жылыту маусымының қорытындылары мен алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өткен жылыту маусымы жалпы тұрақты өтіп, жылумен қамтуда елеулі іркілістер болған жоқ. Технологиялық ақаулар саны 10%-ға азайды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жылу электр станцияларын жаңғыртуға бөлінген қаржы көлемі 44%-ға, ал жылу желілерін жаңғыртуға бөлінген қаражат шамамен 30%-ға артты. Мемлекеттік қолдауды жалғастыру аясында биылғы мамыр айында Астана, Көкшетау, Қызылорда және Риддер қалаларындағы жылу көздерін жаңғыртуға резервтік қордан 25 млрд теңге бөлу туралы қаулы қабылданды.

– Үкіметтің қолдауының арқасында 2024 жылы Риддер қаласының жылу жүйесінде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жылу электр орталығының тозу деңгейі 46%-ға дейін төмендеп, бұл нысанды ең осал нысандар қатарынан шығаруға мүмкіндік берді. Биыл жұмыстар жалғасуда. Екі қазан агрегатын жаңғырту, қосалқы жабдықтарды жаңарту, сондай-ақ 6 км жылу желісін ауыстыру жоспарланған. Бұл шаралар тозу деңгейін қосымша 43%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Облыс әкімі берген ақпаратқа сәйкес, станцияны дайындау жұмыстары кестеге сай және ҚР Энергетика министрлігімен келісілген тәртіпте жүргізілуде. Қазан агрегаттары мен жылу желілерін дайындау жұмыстарын қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімін бақылауды жергілікті атқарушы органдар Энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшесімен бірлесіп жүзеге асыруда.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу