KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 1 м/с, В
477.13 525.85 5.24

Риддер ЖЭО: Жөндеу қыркүйектің ортасында аяқталады

Фото: Рrimeminister.kz

22.08.2024, 09:39 74 Ержан Әбіш

Риддер қаласындағы жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстары қыркүйектің ортасында аяқталып, үйлерге ыстық су қосылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Жылу маусымы аяқталған сәттен бастан Риддер жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары қолға алынған. Сол уақыттан бері қала халқы ыстық сусыз отыр.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтің жетекшілігімен өткен жылыту маусымына арналған жиында жөндеу жұмыстарының өз мәресіне қашан жететіні белгілі болды.

­– Жылу желілеріндегі жөндеу бітуге жақын. Төрт учаскедегі жұмыстар ғана аяқталмаған. Жаңғырту барлық жылу желілерінің 19 шақырымын қамтиды. Жұмыстарды 4 қыркүйекке аяқтау жоспарланған, – деп мәлім етті ЖЭО өкілдері.

15 қыркүйекте жылу электр орталығы іске қосылып, риддерліктердің үйлеріне ыстық су беріледі деп жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив