KZ
Өскемен
-32°
туман Штиль
509.75 594.67 6.46

Зайсан: Биыл Айнабұлақ ауылында спорттық модуль құрылысы аяқталмақ

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
29.05.2025, 17:30 211 Гульжан Мусина

ШҚО әкімінің Зайсан ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында мәдениет пен спорт саласындағы аудан дамуының басым бағыттары аталды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Халықпен кездесуде өңір басшысы адам капиталының дамуы, әсіресе ауылдық жерлерде, мәдени және спорттық инфрақұрылымға жүйелі қолдау көрсетусіз мүмкін еместігін айтты.

– Шығыс Қазақстан облысы үшін мәдениет пен спортты – кәсіби де, бұқаралық бағытта да дамыту дәстүрлі түрде басым бағыт болып табылады, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Мәселен, 2025 жылы Сарытерек ауылындағы Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Жаңартылған ғимаратта концерттер, фестивальдер және түрлі үйірмелер өткізіледі. Өңір әкімі осындай «нақты нысандар» арқылы ауылдық елді мекендерде сапалы мәдени орта қалыптасатынын атап өтті.

Кездесуде спорт инфрақұрылымын дамытуға да ерекше назар аударылды. Айнабұлақ ауылында қазіргі таңда шағын, бірақ функционалды спорттық модульдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл нысан ауыл тұрғындарының дене шынықтырумен айналысуына мүмкіндік береді.

– Зайсан ауданының әкіміне спорттық модульдің құрылысын биыл аяқтауды қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Кездесу барысында аудан тұрғындары мәдениет пен спорт саласына мамандар жетіспейтінін көтерді. Облыс әкімі бұл мәселенің назарда екенін, мамандарды даярлау мен жұмысқа тарту – әсіресе профильді жоғары оқу орындарының түлектерін ауылдарға тарту – жауапты мемлекеттік органдардың бақылауында екенін айтты.

Дамир Омаров

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу