«Қазақстан» тауындағы жаппай жүгірудің қорытындысы
Мемлекеттік рәміздер күніне орай Өскемен қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына «Қазақстан» тауына қарай жаппай жүгіру шарасын ұйымдастырды. Биыл дәстүрлі жарысқа 100-ден аса спортшы қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қатысушылар жас мөлшерлеріне байланысты 18-39 жас аралығы, 40-59 жас аралығы мен 60 жастан асқан спортшылар деп үш топқа бөлініп жарысты.
Өткен жарыстың қорытындысы бойынша, 60 жастан асқан спортшылар арасында I орын – Лариса Прокопьеваға бұйырса, 40-59 жас аралығындағы ерлердің ішінде I орынды – Аслан Төлебаев, II орынды – Рашид Раев, III орынды – Қуаныш Ынтықбаев иеленді. Осы жас аралығындағы әйелдердің арасында I орынды – Кулихан Орман, II орынды – Татьяна Карасёва, III орынды – Динара Есболова алды. 18-39 жас аралығындағы ерлердің арасында I орынды екінші жыл қатарынан Аян Қасымов иеленді. II орынды Еламан Бошалов алса, III орынды Мағжан Балшабеков пен Еркебұлан Тоқтаров бөлісті. Ал 18-39 жас аралығындағы әйелдердің арасында I орынды – Эльвира Алтабаева, II орынды – Валерия Гуляшов қанжығалады.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар мен әділқазы алқасының ұйғаруымен, жаппай жүгіру жарысына қатысқан ең жас спортшы – 11 жасар Виктория Шупенкоға I орын берілді.
Мемлекеттік рәміздер күні «Қазақстан» тауында өткен жаппай жүгіру жарысына қатысып, жеңімпаз бен жүлдегер атанған барлық спортшыларға Өскемен қаласы әкімінің атынан салтанатты түрде медальдар мен мадақтамалар табысталды.
Фото: Екатерина Семина