Мектеп оқушылары арасында олимпиада өтті - ШҚО

Өскеменде жалпы білім беретін пəндер бойынша облыстық олимпиада өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
2020 жылы 4-7 қаңтар аралығында өткен олимпиадаға облысымыздың түкпір-түкпірінен талапты жастар жиналды. Мәселен, Аягөз ауданынан келген 29 оқушы қатысып, барлығы жүлделі қайтты. Олимпиада қорытындысы бойынша алты оқушы бірінші орынды, он алты оқушы екінші орынды және жеті оқушы үшінші орынды иеленді. Облыс бойынша Аягөз ауданы командалық есепте екінші орынды жеңіп алды.