KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 6 м/с, ОБ
487.81 527.62 5.02

Самар ауданында мемлекеттік қызметкерлер олимпиадалық спорт түрінен сынға түсті

Фото: fitness-cccp.ru

26.02.2024, 22:37 111

Самар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудандағы 25-45 жас аралығындағы мемлекеттік қызметкерлер арасында үстел теннисінің турнирі өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жарысқа Самар ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Қарағызов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Исенев, Самар ауданы мәслихатының төрағасы Г.Шаймарданова қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс нәтижесі бойынша шапшаңдық пен ептілік көрсеткен бір топ маман турнирдің  жеңімпазы атанды. Ерлер арасынан І орынды Курманбаев Ерасыл, ІІ орынды Карагызов Азамат, ІІІ орынды Жумагазин Бекарыс иеленді. Ал қыздар арасында І орынды Тютенева Айгүл, ІІ орынды Редькина Альфия, ІІІ орынды Дюсюпова Салтанат, Камалитденова Салтанат иеленіп, жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздарға арнайы мадақтамалар мен медальдар, сыйлықтар табысталды.

 

Жанаргүл Мұқатай

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив