Өскеменде 16 аула абаттандырылады (видео)
Шығыс Қазақстан облысының орталығында аулаларды абаттандыру жұмыстарының кезекті кезеңі басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 2025 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Өскеменде 40 аула аумағы абаттандырылады. Оның ішінде 16 аулада кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 16 балалар ойын алаңы мен 9 спорттық ойын алаңы орнатылады.
Қазіргі уақытта 30 учаскеде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 7 шағын архитектуралық форма орнатылып үлгерген. Аумақтар толықтай дайындалып, алаңдарға 4600 шаршы метр бетон негізі құйылды, 1400 шаршы метр брусчатка төселді. Сонымен қатар, жалпы ауданы 5000 шаршы метрді құрайтын 8 футбол алаңына да негіз дайындау жұмыстары аяқталған.
Кешенді абаттандыру аясында аулалар ішіндегі жолдар жөнделіп, автотұрақ орындары кеңейтіліп, жаңа тұрақтар да салынуда.
Айта кету керек, «Халық қатысатын бюджет» форматы тұрғындарға өз аулаларына қандай жобалар қажет екенін өзі анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл тұрғындарды қалалық ортаны дамытуға белсенді араластыруға және бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалануға жол ашады.
Дамир Омаров

