Өскеменде аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда
Облыс орталығында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында бірқатар аулалар абаттандырылып жатыр. Балаларға ойын алаңы мен воркаут-аймақтар орнатылып, көлік тұрақтары кеңейтілген.
Қала әкімдігі ағымдағы жылы бұл жұмыстармен 27 аула қамтылатынын мәлімдеген болатын. Бүгін шаhар басшысы Жақсылық Омар жұмыс барысын бақылап, тұрғындардың пікірін тыңдап қайтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазір Михаэлис, 24, 26, 26/1 мекенжайындағы үйлердің ауласы аяқталуға жақын. Онда кішкентай бүлдіршіндер үшін ойын алаңдары салыныпты.
Назарбаев даңғылы, 2 мекенжайында да қазір абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұндай балалар алаңынан бөлек, воркаут-аймақтары орнатылған. Көлік тұрағы кеңейтіліп, үйдің қасбеті де жаңартылған көрінеді.