KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
517.66 606.49 6.44

Самар ауданында туристік бағыттағы автожол жөнделе бастады

17.06.2025, 09:30 249 Әбішев Ержан

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында «Өскемен – Самар – Васильев өткелі» автокөлік жолының орташа жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жол аймақтың туристік инфрақұрылымын дамыту және демалыс аймақтарына көлікпен қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызға ие, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 21 шақырым жол жөнделмек. Оның 6 шақырымы биыл толық жаңартылмақ. Жоба екі жылда жүзеге асады.
Жөндеу жұмыстарының бас мердігері – «ДСУ-14» ЖШС. Жұмыстың бастапқы кезеңінің барысын Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов мердігер мекеме өкілдерімен бірге барып тексерді.

– Бұл жолдың туристік және транзиттік әлеуеті жоғары. Аудан тұрғындары оны жөндеу қажеттігін бірнеше рет көтерген болатын. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасы бойынша шешім қабылданып, уәде етілгендей, жоба осы жылы іске аса бастады, – деді аудан әкімі.

Айта кетейік, бұған дейін алты жылдан астам жұмыс істемей тұрған Васильев өткелі қайта іске қосылған болатын. Енді жол жөндеу жұмыстары ауданның көлік желісінің байланысын күшейтіп, әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін бермек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу