Самар ауданында биыл қандай жобалар іске асырылады?
Жылдық жоспарға сай аудандар мен ауылдарды дамыту жұмыстары жалғасуда. Осы қатарда Самар ауданында да бірқатар жоба жүзеге асырылады.
Самар ауданын дамыту бойынша 2024 жылға жалпы сомасы 2,2 млрд теңге бөлінген екен. Бұл қаржы аясында көптеген жобалармен бірге бірнеше ауылдағы су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары да жүргізілмек. Ауылдарға апаратын жолдар жөнделіп, көшелерге жарық бағандары орнатылады. Бұл туралы Самар ауданының әкімі баспасөз брифингі барысында айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бөлінген қаржы аясында аудан бойынша 34 жоба жүзеге асырылады.
– 2024 жылы жалпы сомасы 2,2 млрд теңгені құрайтын 34 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Соның ішінде 96,6 миллион теңгеге «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 10 жеке тұрғын үй құрылысын салу жоспарлануда. Сондай-ақ басқа да көптеген жобалар іске асырылады, – деді аудан әкімі Нұрлан Махамбетов.
Оқи отырыңыз