Қай бағыттағы жолдар жөнделіп жатыр?
Фотт: редакция мұрағатынан
Қазіргі күні облыстық маңызы бар жолдар бойынша 15 нысанның жолын жөндеу (6-ы ауыспалы, 9-ы жаңа нысан ) жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Осы уақытқа дейін 45 шақырым жолды жөндеу жұмыстары аяқталған. Олар: «Шілікті –Зайсан» (0-12) автомобиль жолының 12 шақырымы, «Ақжар-Омбы-Майқапшағай» (106-124 км) жолының 18 шақырымы, «Үлкен Нарын –Күршім» (23-38 км) жолының 15 шақырымы.
30 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары аяқталуда: «Васильевка-Бозанбай» жолының 15 шақырымы (Сібе көлдеріне апаратын), «Күршім-Қалжыр» 15 шақырымы (91-106 км).
100 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде: «Өскемен-Тарғын-Самар» жолының 12 шақырымы (133-145 км), «Шілікті-Ақжар» жолының 30 шақырымы (78-93, 93-108 км), «Күршім–Қалжыр-Бурабай» жолының 15 шақырымы, «Октябрь өткелі-Алтайка-Новохайрузовка» жолының 27 шақырымы (км 10-25, 25-36,4), «Новотроицкое ауылына кіреберіс» жолының (км 6-22) 16 шақырымына жөндеу жұмыстары басталды.
Аудандық маңызы бар жолдар мен көшелер бойынша380 шақырым жолдар мен көшелерді орташа жөндеу бойынша95 жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде 5 ауыспалы және 90 жаңа жоба. Бүгінгі күні 30 шақырым жол жөнделді.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Уәлиевтің түсіндіргеніндей, құрылыс материалдарының сапасын бақылауды «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК жүзеге асыруда. Басқарма орталықпен 80 млн теңге сомасына шарт жасасқан.
- Өскемен қаласының әкімдігімен 35 шақырым жол жөндеу бойынша 38 жоба (6 Шарт) іске асырылуда, 12 км жөнделген;
- Самар ауданында 9 млн. теңге сомаға шарт бар, 9 жоба іске асырылуда, жөндеу бойынша 27 км, 3 км жөнделген;
- Зайсан ауданы 26 км жөндеу бойынша 5 жоба жүзеге асырылуда, оның 2 км жөнделді;
- Алтай ауданы 14 км жөндеу бойынша 8 жобаны іске асыруда, оның 4 шақырымы жөнделген;
- Тарбағатай ауданында 54 шақырым жөндеу бойынша 12 жоба іске асырылуда;
- Катонқарағай ауданында 23 км жөндеу бойынша 7 жоба іске асырылуда;
- Күршім ауданында 10 шақырымды жөндеу бойынша 9 жоба іске асырылуда;
- Глубокое ауданыда 28 шақырым жөндеу бойынша 11 жоба анықталған, 3 жоба бойынша жөндеу басталды, қалған жобалар бойынша конкурс қорытындылары күтілуде;
- Шемонаиха ауданында 28 шақырым жөндеу бойынша 10 жоба анықталды, конкурс қорытындылары күтілуде;
- Ұлан ауданында 32 шақырым жөндеу бойынша 10 жоба анықталды, конкурс қорытындылары күтілуде;
- Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында әрқайсысына3 жобадан анықталған, конкурс нәтижелері күтілуде.