KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
504.49 587.73 6.57

ШҚО-да халықтық спорт ойындары өтеді

22.07.2025, 17:30 269 Әбішев Ержан

11-17 тамыз күндері Өскеменде Шығыс Қазақстан облысының XXIII халықтық спорт ойындары өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Спорт күніне орай ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстың 13 қаласы мен ауданынан 1131 спортшы қатысады. Бағдарламада 13 спорт түрі қамтылған: жеңіл атлетика, волейбол (ерлер мен әйелдер), президенттік көпсайыс, армрестлинг, гир спорты, арқан тарту, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, асық ату, футбол, дәстүрлі садақ ату.

Жарысты өткізуге 200-ден астам адам – төрешілер, еріктілер мен техникалық қызметкерлер тартылған.

Халық ойындарының басты мақсаты – ұлттық спортты дәріптеп, мәдени мұраны сақтау және алдағы Республикалық ауыл ойындарына облыс спортшыларын дайындау.

Мұндай ірі спорттық іс-шаралар туризмге де серпін береді. Қалаға келуші командалар мен жанкүйерлер легі жол бойындағы сервистердің дамуына, шағын және орта бизнестің жандануына ықпал етеді.

Фото: Екатерина Семина

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу