KZ
Өскемен
-43°
туман жел 1 м/с, С
512.16 594.72 6.57

Семейде құтқарушылар өзеннің арғы бетінде қалған ер адамды аман алып шықты

Фото: pexels.com

25.07.2025, 19:00 269 Гульжан Мусина

 

Кеше Семей қаласына қарасты Мұрат ауылы маңында құтқарушылар өзеннің қарсы бетінде қалып қойған азаматты жағаға жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

1962 жылы туған ер адам Ертісті жүзіп өтіп, бірақ шаршағандықтан және дене әлсіздігінен өз бетінше қайта алмапты. Жағдай туралы хабарды алған соң, жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу оқиға орнына жетіп, азаматты аман-есен өзеннің жағасына алып шықты. Абырой болғанда, медициналық көмек қажет болмады.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды су айдындарында аса мұқият болуға шақырады. Жақсы жүзетін адамның өзі ағысы қатты өзенде немесе салқын суда қиындыққа тап болуы мүмкін. Су ішіндегі шаршау, дене температурасының төмендеуі немесе аяқ-қолдың құрысуы секілді күтпеген жағдайлар жазатайым оқиғаға әкелуі ықтимал.

Видео: ҚР ТЖМ

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу