KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Құтқарушылар суда қалған адамды алып шықты – ШҚО

Фото: gov.kz

12.07.2023, 11:22 163

11 шілде күні Өскемен қаласындағы құтқарушылар бөліміне Ертіс өзенінің Стрелка ауданындағы аумағында ер адамға көмек керек екені хабарланған.

Оқиға орнына қайықпен жеткен жедел құтқару жасағының қызметкерлері ер адамды судан алып шықты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ер адам дабыл түскен орыннан шамамен 250 метр қашықтықта болған. Құтқарушылар қиындыққа тап болған адамды қайықтың бортына отырғызып, станцияға жеткізді. Мамандар құрғақ киім мен ыстық су берген.

Сонымен қатар Самар ауданының өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметіне катамаран төңкеріліп, адамдар суда қалғаны хабарланған. ШҚО ТЖД дерегінше, куәгерлер аударылған катамарандағы балалардың жағаға жеткізілгенін мәлімдеді.

ШҚО ТДЖ мәліметіне сәйкес, алдағы күндері аймақта күн ысиды. Мамандар су айдындарында абай болу керегін еске салды.

Төтенше жағдай кезінде дереу "112" нөміріне қоңырау шалу қажет.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу