«Келешек мектептері»: Ғимараттардағы қолжетімділікке мониторинг жүргізілді
Жуырда Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарының қолжетімділігіне қатысты облыстық штабтың кезекті мониторингі өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына сілтеме жасап.
Мониторинг барысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Өскемен қаласындағы Уәлиев көшесі, 5/1 және Тимофеев көшесі, 112/6 мекенжайларында орналасқан білім беру нысандары тексерілді.
Тексеру нәтижесінде бірқатар құрылыс нормалары мен ережелеріне сай келмейтін тұстар анықталып, оларды жоюға бағытталған нақты ұсынымдар берілді. Бұл ұсынымдарды облыстық штаб мүшелері әзірледі.
Мониторингтің негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен барлық санаттағы тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру, инфрақұрылым нысандарына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.