KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 4 м/с, Ю
519.61 610.13 6.54

«Келешек мектептері»: ШҚО-да жоба қалай жүзеге асып жатыр?

14.07.2025, 09:00 366 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жалпы 3000 оқушыға арналған 7 мектептің құрылысы көзделген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2024 жылдың соңында олардың бесеуінің құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Оның ішінде екеуі — Шемонаиха ауданындағы Шәкәрім атындағы №4 орта мектеп пен Риддер қаласындағы №12 мектеп апатты ғимараттардың орнына салынған. Сондықтан бұл білім беру мекемелері тек қайта лицензиялау рәсімінен өтіп, 2025 жылғы 1 сәуірден бастап жаңа ғимараттарда оқу процесін бастады.

Тағы үш мектеп 2025 жылдың жаз айларында білім беру қызметімен айналысуға лицензия алды:

  • №31 мектеп (Өскемен қаласы, Тимофеев көшесі) — 2025 жылғы 26 маусымда;

  • №40 мектеп (Өскемен қаласы, Уәлиев көшесі) және

  • Белоусовка кентіндегі №2 мектеп (Глубокое ауданы) — 2025 жылғы 9 шілдеде.

Бұл мектептерде сабақ 2025 жылғы 1 қыркүйекте басталады.

Сонымен қатар, өңірде тағы екі заманауи мектептің құрылысы жалғасуда:

  • Глубокое ауданындағы 300 орындық №2 Опытное поле мектебі;

  • Өскемен қаласындағы Есенберлин көшесінде орналасқан 600 орындық №41 мектеп.

Аталған мекемелер Әділет органдарында тіркеліп, БСН, жарғы және қазынашылық кодтарын алған. Құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін бұл мектептер де білім беру қызметіне лицензия алу рәсімін бастайды.

«Келешек мектептері» жобасының жүзеге асуы аймақтағы балаларға қолайлы әрі қауіпсіз оқу ортасын қамтамасыз етіп, мектеп тапшылығы мәселесін шешуге айтарлықтай үлес қосып отыр.

Фото: ШҚО Білім басқармасы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу