KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-ның мектептері мен балабақшаларында мүгедектерге жағдай жасалады

24.02.2020, 04:48 179

Алдағы бес жылда ШҚО-ның мектептері мен балабақшаларында мүгедектерге жағдай жасалатын болады, деп хабапрлайды Altaynews тілшісі.

Қазір облыстағы білім беру мекемелерінің көбі ескі жоба бойынша салынған. Онда мүмкіндігі шектеулі балаларға жағдай жасалмаған. Заманауи инклюзивті білім беру бағдарламасы мүгедек балалардың бапсқалармен қатар мектепте оқуына мүмкіндік жасауға бағытталған.

Бүгінгі таңда облыстағы жалпы білім беру мектептері пандустармен жабдықталып жатыр. Бір қабаттан екінші қабатқа көтерілу мүгедек жандар үшін әлі де қиын жағдай. Алдағы бес жылда мектептер мен балабақшалар толықтай барлық қажеттіліктермен жабдықталады.

Осы мақсатта облыстық бюджеттен 807,6 миллион теңге бөлінбек. Бүгінде облыста инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептердің үлесі 68 пайызға дейін артып отыр. Бұл көрсеткішті ағымдағы жылы 75 пайызға, ал 2025 жылы – 100 пайызға жеткізу көзделген.

 

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу