Өскемендегі Спорт шағын ауданында ауызсу жүйесі қалпына келтірілуде
Өскемен қаласының Спорт шағын ауданында ауызсу жүйесін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, бұл аумақ ҚШТ (Қаныш Сәтбаев) магистральдік желісімен біріктіріліп, болашақта апатты жағдай орын алса, резервтік су көзінен қамтамасыз ету мүмкіндігі жасалады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аталған шағын аудандағы су жүйесі жобасы 2020 жылы іске асырылғанымен, тұрғындардың қоныстануы 2022 жылы ғана басталған. Сол кезде құрылыс барысында кеткен бірқатар кемшіліктер анықталған. Су құбырларындағы жиі апаттарға байланысты қалалық құрылыс бөлімі техникалық тексеру жүргізіп, ақаулар актісін жасады. Нәтижесінде мердігер компаниямен сотқа дейінгі талап-арыз жұмыстары қолға алынып, 2024 жылдың желтоқсанында мердігерге ақауларды жою міндеттелді.
Сондай-ақ 1 шақырым магистральдік су құбыры ауыстырылды. Қалпына келтіру жұмыстары биыл суық түскенге дейін аяқталады деп жоспарланған.
Елизавета Седых
Видео: Өскемен қаласының әкімдігі
Фото: видеодан скриндер



