Өскемендегі Красин кентінің тұрғындары ауызсусыз қалды
depositphotos.com
Өскемен қаласына қарасты Красин кентінде бірнеше сағаттан бері ауызсу жоқ. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таралған шағымдарға жауап ретінде қала әкімінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Анықталғандай, Пушкин көшесі, 1 мекенжайында жүргізілген жер қазу жұмыстары кезінде мердігер ұйым диаметрі 200 мм болатын су құбырын зақымдаған. Осыған байланысты сағат 13:00-ден бастап кентке ауызсу беру уақытша тоқтатылды.
Кент тұрғындарына қолайсыздық туындамас үшін арнайы су тасымалдау ұйымдастырылған. Су жеткізу бойынша өтініштер 53-16-61, 8 705 206 79 16 байланыс нөмірлері арқылы қабылданады.