KZ
Өскемен
-4°
ясно жел 2 м/с, В
495.95 524.37 4.98

Үржардың 11 ауылына ауызсу тартылып жатыр

9.09.2020, 10:36 173

Биыл жыл соңына дейін Үржар ауданындағы үш елді мекенге таза ауызсу беріледі. Бұл туралы тікелей эфирде баспасөз мәслихатын өткізген аудан әкімі Нұржан Тоқсеитов хабарлады.

– Ауданымыздағы инфрақұрылымды дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Соның біріншісі – құрылыс саласы. Бүгінгі таңда біз 11 елді мекенде ауызсу құбырларын тарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмыстарға 3 млрд. теңгеден астам бюджет қаржысы жұмсалды. Мақаншы, Үржар ауылдарына су құбырларын тартудың үшінші кезеңі жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Бестерек, Бақты, Көктал, Қабанбай, Шолпан, Елтай, Сағат, Жоғарғы Егінсу ауылдарында да су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде Көктал, Бестерек, Сағат сынды ауылдарда биылғы жылы аталмыш жұмыстар аяқталып, іске қосылады, – деді Нұржан Тоқсеитов.

Нәтижесінде жыл соңына қарай аудан халқының ауыз сумен қамтылу деңгейін 61 пайызға жеткізілмек. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 45 пайыз.

Аудан әкімі бұл жұмыстардың мұнымен тоқтап қалмай ары қарай да жалғасын табатынын атап өтті. Атап айтсақ, қазіргі уақытта аудандағы Айтбай, Жанай, Егінсу және Қаратал ауылдарына ауызсу құбырларын тарту бойынша жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттары әзірлену үстінде көрінеді. Құжат уақытылы дайын болса, келесі жылы құрылыс жұмыстары басталып кетуі де ықтимал.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу