KZ
Өскемен
-25°
небольшой снег жел 1 м/с, С
514.74 599.36 6.71

Алдағы күндері бірнеше облыста +44°C дейін ыстық күтіледі

pixabay.com

4.08.2025, 19:30 234 Төлеуғазы Жансая

Қазақстанның оңтүстік және батыс аймақтарында тамыздың алғашқы жартысында күннің ысуы күшеймек. «Қазгидромет» болжамына сәйкес, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарында ауа температурасы +43…+44 градусқа дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Атырау мен Маңғыстауда ауа күндіз +41…+44 градусқа дейін қызса, Қызылорда мен Түркістанда да +43 градусқа дейін ысу болжанып отыр. Синоптиктер мұны өте қатты ыстық деп бағалап отыр. Осыған байланысты өңірлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мамандар тұрғындарға ашық күн астында ұзақ болмауға, денсаулыққа абай болуға және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға кеңес береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу