KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, Ю
522.38 612.6 6.54

Алдағы күндері елімізде бұршақ, дауыл мен аптап ыстық күтіледі – «Қазгидромет»

Фото: pexels.com

24.06.2025, 12:30 276 Гульжан Мусина

Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы күрт өзгеріп, кей жерлерде бұршақ пен дауыл, найзағай мен нөсер жаңбыр күтіледі. Сонымен қатар, аптап ыстық пен желдің күшеюі салдарынан бірқатар облыстарда өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Мамандардың айтуынша, Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр мен найзағай күтіліп отыр. Жел екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ал 21-25 маусым аралығында облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Ұқсас жағдай Алматы қаласында да байқалады.

24 маусымда Астана мен Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында бұршақ, нөсер жаңбыр, найзағай мен дауыл күтіледі. Бұл күндері аталған өңірлерде жел де күшейіп, кей жерлерде екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Төтенше өрт қаупі де күшейіп тұр. Көптеген облыстарда құрғақ әрі желді күндердің әсерінен орманды және дала алқаптарында өрт шығу қаупі жоғары. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Ұлытау, Қарағанды облыстарында бұл қауіп аса жоғары деңгейде.

- 24 маусымда Түркістан мен Жамбыл өңірлерінде күн 38-40 градусқа дейін ысиды, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары. Ыстықпен қатар, таулы аймақтарда найзағай мен күшті жел де тіркелуі мүмкін.

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты құтқарушылар мен синоптиктер тұрғындарға абай болуды, ашық далада ұзақ жүрмеуді және қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу