KZ
Өскемен
снегопад жел 3 м/с, В
522.38 612.6 6.54

Күшті жел мен шаңды дауыл болады – сақ болыңыз

4.08.2025, 11:30 257 Төлеуғазы Жансая

04 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы сақталады. Көптеген аймақтарда найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Кей облыста аптап ыстық пен өрт қаупі де күшейіп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ пен дауыл болуы ықтимал. Жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Мұндай жағдай облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде де күтіледі. Ал Алматы мен Қонаев қалаларында найзағаймен қатар күшті жел соғады.

Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының кей аудандарында да найзағай, бұршақ пен шаңды дауыл болжануда. Жел бағыты жиі өзгеріп, екпіні секундына 20–28 метрге дейін жетуі ықтимал. Бұл өңірлерде төтенше өрт қаупі де сақталады.

Шығыс Қазақстан мен Абай облысында найзағай, бұршақ, дауыл мен тұман күтіледі. Күн күркіреп, жел екпіні күшейеді. Өскемен мен Семейде де найзағай мен бұршақ болуы мүмкін.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында тұман, найзағай, ал кейбір аймақтарда жел күшеюі болжанған. Мұнда да өрт қаупі жоғары.

Қарағанды мен Ұлытау облыстарында түнде найзағай, күндіз желдің күшеюі және өрт қаупінің артуы күтіледі. Жезқазғанда жел екпіні артуы мүмкін.

Атырау облысында күннің қатты ысуы байқалады – 35-39 градусқа дейін көтеріледі. Бұл аймақта найзағай да болжануда. Атырау қаласында 36-38 градусқа дейін ыстық болады.

Маңғыстау облысында да күн ысиды, шаңды дауылмен қатар 40 градусқа дейінгі аптап күтіледі. Ақтауда өрт қаупі өте жоғары.

Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында да күн қатты ысиды – 35-38 градусқа дейін. Найзағай, бұршақ және желдің күшеюі байқалады. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Мамандар тұрғындарға аса сақ болуды, ауа райының күрт өзгеруіне дайын жүруді және өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауды ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу