KZ
Өскемен
пасмурно жел 5 м/с, В
522.38 612.6 6.54

Самар ауданында мектептер жаңа оқу жылына қызу дайындалып жатыр

pixabay.com

4.08.2025, 10:00 212 Жанаргүл Көкенайқызы

Жаңа оқу жылының басталуына бірнеше апта ғана қалды. Осыған орай Самар ауданындағы мектептер мен балабақшаларда дайындық жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Білім беру нысандарында санитарлық жағдайды жақсартып, оқушылар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру мақсатында бірқатар шаруалар қолға алынған, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Бүгінгі күні аудан бойынша 21 білім беру мекемесінің 19-ында жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Әктеу, сырлау сынды ағымдағы жөндеу шараларының көбі орындалған.

— Ауданда әсіресе, мектептердің жылыту маусымына әзірлігіне ерекше мән беріліп отыр. Мәселен, Жамбыл атындағы орта мектептің жылыту жүйесі толығымен жаңартылды. Жөндеуден өткен барлық мектептердің, балалар өнер мектебі мен балабақшалардың жылыту жүйесі жылу қабылдауға дайын. Тек №1 Самар орта мектебі мен Сергей Седнев атындағы негізгі мектепте ғана жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр, — дейді Самар аудандық білім бөлімінің маманы Айнұр Кезенбаева.

Ал бөлім басшысы Руслана Закирьянова қазіргі дайындық жұмыстары бекітілген жоспарға сай, уақытында атқарылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, 31 шілдедегі мәліметке сәйкес, аудан мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы 90 пайызға жеткен.

 

Мұғалімдер мен ата-аналар үшін де бұл маңызды кезең. Жаңа оқу жылын таза, жылы әрі қауіпсіз мектепте қарсы алу – басты мақсат.

  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу