KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег жел 5 м/с, З
509.84 595.75 6.47

Әлеуметтік осал топтар жеке табыс салығын қайтаруға өтініш бере алады

pixabay.com

5.08.2025, 18:30 296 Айна Бакимбаева

2025 жылдың 15 шілдесінен бастап әлеуметтік осал санатқа жататын азаматтар бұрын төленген жеке табыс салығын (ЖТС) қайтаруға өтініш бере алады. Бұл өзгеріс біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу үшін пайдаланған салымшыларға қатысты. Бұл туралы БЖЗҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының бөлім басшысы Мадина Зарлыққызы айтып берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға БЗТ түріндегі табыстан стандартты салық шегерімін (882 АЕК шегінде) пайдалану мүмкіндігі берілген. Бұған дейін, яғни 2021–2022 жылдары БЗТ алған азаматтар түрлі себептермен бұл жеңілдікті пайдалана алмады. Енді жаңа тәртіп бойынша ЖТС-ты қайтаруға өтініш беру мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылды. Яғни, азаматтар БЖЗҚ-ға салықты қайта есептеу туралы өтінішті 5 жыл ішінде тапсыра алады.

Салық кодексінің 346-бабына сәйкес, ЖТС қайтаруға құқығы бар тұлғалар қатарына І, ІІ немесе ІІІ топтағы мүгедектер, мүгедек балалардың ата-аналары немесе қамқоршылары, бала асырап алушылардың бірі, жетім балалардың қамқоршылары, соғыс ардагерлері және өзге де әлеуметтік осал санаттағы азаматтар жатады. Толық тізім Салық кодексінде нақты көрсетілген.

Өтініш беру үшін азаматтар жақын маңдағы БЖЗҚ филиалына жеке куәлікпен, БЗТ сомасын пайдалану мақсатын растайтын құжаттармен және әлеуметтік осал топқа жататынын дәлелдейтін құжаттармен жүгінуі қажет.

Егер өтініш мақұлданса, бұрын ұсталып қалған ЖТС сомасы салымшының жеке зейнетақы шотына қайтарылады. Ал егер ЖТС төлеу кейінге қалдырылған болса, болашақта ай сайынғы төлемдерден салық ұсталмайды.

Аталған ереже 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін күшінде болады. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі қолданысқа енеді.

Толық ақпаратты enpf.kz сайтынан немесе БЖЗҚ-ның ресми әлеуметтік желілерінен білуге болады. Уақтылы әрекет ету арқылы әр азамат өз құқығын пайдаланып үлгере алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу