KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 2,4 м/с, ОШ
495.28 538.32 5.77

Жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімі аяқталуға жақын

Фото: pixabay.com

Кеше, 16:45 64 Гульжан Мусина

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жеке тұлғалардың 2024 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2024 жылғы көлік салығы 3 692 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) негізінде есептеледі. Салық сомасын есептеу үшін азаматтар kgd.gov.kz веб-порталындағы арнайы калькуляторды немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын пайдалана алады.

Мемлекеттік кірістер органдары жыл сайын көлік салығын есептеп, төлемдер бойынша ақпаратты азаматтарға бірнеше тәсілмен жеткізеді:
– 2025 жылғы 11-31 наурыз аралығында екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы PUSH хабарламалар жіберіледі.
– Салық сомасын kgd.gov.kz веб-порталындағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» қызметінен білуге болады.
– Сондай-ақ ақпарат «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді.

Уақытында төлем жүргізу үшін азаматтарға салық міндеттемелерін алдын ала тексеріп, қажетті соманы мерзімінде өтеу ұсынылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу