KZ
Өскемен
+8°
дождь жел 6 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Қазақстандықтар баспана сатып алу және емделу үшін БЖЗҚ-дан қанша қаражат алды?

Фото: bugin.kz

19.01.2024, 13:19 102 Ынтымақ Толқын

Қазақстандықтар тұрғын үй сатып алуға және емделуге 1,9 млн өтініш берген. 

Оған  3,8 трлн теңге көлеміндегі зейнетақы жинақтары пайдаланылады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарын азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға қолжетімді сомасы шегінде бірнеше рет пайдалана алады.

Тұрғын үйге

2021 жылғы қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға берген 1 453 904 өтінішін орындады. БЖЗҚ қазақстандықтардың уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарына 3,3 трлн теңгеден аса қаржы аударды.

Емделуге

БЖЗҚ емделу үшін жалпы сомасы 419,3 млрд теңге болатын 477 866 өтінішті орындады. Алынған соманың орташа мөлшері 0,88 млн теңге.

Өтініштердің 96,5% стоматологиялық қызмет алу үшін, 2,5% офтальмологиялық қызметтерді алу бойынша орындалды. Қалған медициналық бағыттарға зейнетақы жинақтарының шамамен 1% пайдаланылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив