KZ
Өскемен
-11°
небольшой снег жел 8 м/с, З
514.74 599.36 6.71

Балық шаруашылығының әлеуеті артып келеді - Күршім

15.08.2025, 18:00 256 Айдос Мырзахметов

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданында экология мен экономикаға үлес қосып отырған бірқатар кәсіпорындарда болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Солардың бірі – «Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы». 1960-жылдардың ортасында құрылған бұл кәсіпорын балықты уылдырықтан бастап шабаққа дейін өсіріп, кейін табиғи су айдындарына жібереді. Ақ амур, сазан, бақтақ сияқты түрлердің санын көбейту тек балық қорын молайтып қана қоймай, су айдындарының табиғи тазалығын сақтауға да көмектеседі. Мұнда жергілікті тұрғындар үшін тұрақты жұмыс орындары ашылған.

Әкім сондай-ақ балық өңдеу саласында көш бастап тұрған «Төре Тоғам» ЖШС-іне барды. Кәсіпорынға шикізат негізінен Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасынан жеткізіледі. Жаңа өндірістік цех іске қосылып, өнім көлемі бірнеше есеге артпақ.

– Бұл екі зауыт бірлесе жұмыс істесе, Күршім ауданы балық шаруашылығын жаңа деңгейге көтереді. «Төре Тоғамның» да, Бұқтырма шаруашылығының да әлеуеті зор. Қайта өңдеу ісін дамытуға және төмен пайызды кредиттік қолдауға басымдық береміз. Балық шаруашылығы – біздің ерекше назарымыздағы сала, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

«Төре Тоғам» өнімінің бір бөлігі Өскемен мен Астанада сатылса, негізгі бөлігі Еуропа, Қытай және Ресейге экспортталады. Болашақта кәсіпорын балық консерві өндірісін де жолға қоюды жоспарлап отыр.

Фото: Жібек Нұрахмет

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу