KZ
Өскемен
-2°
пасмурно Штиль
522.38 612.6 6.54

Музыка, би және өнер: Өскемендіктерді ерекше көше мерекесі күтіп тұр

altainews.kz

18.08.2025, 10:30 252 Төлеуғазы Жансая

Өскеменде қала күні мен Конституция күніне орай ерекше мерекелік шара – Street Culture Fest фестивалі ұйымдастырылады. Мереке 26 тамыз күні Арбатта сағат 17:00-де басталып, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйламақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Фестиваль бағдарламасы өте қызықты әрі жан-жақты. Балалар мен ата-аналарға арналған ойын алаңдарында аниматорлар мен кейіпкер-қуыршақтар көңіл көтеріп, түрлі конкурстар мен ойындар ұйымдастырады. Сонымен қатар әдемі фотозоналар да қарастырылған.

Кештің ажарын концерттік бағдарлама ашады. Жергілікті әртістер сахнада өнер көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлайды. Ән айтқысы келетіндер үшін арнайы караоке алаңы жұмыс істейді – кез келген қала тұрғыны сүйікті әнін орындап, өзін нағыз жұлдыз сезіне алады.

Фестивальдің ең басты ерекшелігі – көше билері. Қатысушылар хип-хоп, брейк-данс және басқа да стильдер бойынша баттлдарға қатысып, кәсіби бишілерден шеберлік сабақтарын ала алады.

Сондай-ақ қолөнер бұйымдарының көрмесі мен шеберлік сағаттары өтеді. Қала қонақтары зергерлік әшекейлерден бастап, ағаш, керамика, тоқыма бұйымдарына дейін түрлі дүниені тамашалап, шеберлерден үйрене алады. Арбатта «Художники на Арбате» атты арт-алаң да жұмыс істейді. Мұнда суретшілер көз алдыңызда картина жазып, экспресс-портрет салып береді.

Фестивальдің ажырамас бөлігі – фуд-корт. Мұнда қонақтар түрлі дәмді тағамнан ауыз тиіп, достарымен бірге уақыт өткізе алады.

Айта кетейік, фестивальдің бас демеушісі – «Казцинк» АҚ. Компанияның қолдауымен қала тұрғындарына арнайы сыйлықтар, тосынсыйлар мен бағалы жүлделер ұтысы ұйымдастырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу