KZ
Өскемен
-40°
туман жел 1 м/с, В
512.16 594.72 6.57

Ата Заң – әр қазақстандықтың қастерлі парызы

30.08.2025, 19:00 263 Төлеуғазы Жансая

Өскемендегі А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Конституция күніне арналған ерекше кездесу өтті. Биылғы мерекенің мәні тіпті бөлек – еліміздің Ата Заңы қабылданғанына 30 жыл толып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Конституция – әділет пен парасат жолы» атты дөңгелек үстелде қатысушылар негізгі заңның ел өміріндегі орны, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаудағы рөлі жайлы әңгімелесті.

Кітапхана қызметкерлері Ата Заңның қабылдану тарихын айтып, арнайы кітап көрмесін таныстырды. Жиналғандар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Конституцияның маңызына тағы бір көз жеткізді.

Кездесу соңында бәрі ортақ ойға тоқтады: Конституция – ел бірлігі мен бейбітшіліктің, тұрақтылық пен дамудың кепілі. Ал оны қастерлеп, құрметтеу – әр қазақстандықтың парызы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу