KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
524.66 550.21 5.09

Бүгін – Конституция күні

29.08.2019, 18:31 160

Бүгін ел тарихы үшін мәртебелі күндердің бірі – Конституция күні, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.      

Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық референдумда қабылданды. Бесінші қыркүйекте өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Бұл ҚР-ның бекіткен екінші конституциясы. Бұған дейін 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

Ата Заң – әр азаматтың құқығын айшықтайды.  Сондықтан, тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, биік мәртебе берілген. Ата Заңды сыйлау – республика азаматтарының қасиетті парызы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу