Жаңғырған Конституция – әділетті қоғам құрудың кепілі
Фото: depositphotos.com
Әділетті қоғам құру – бұл мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының маңызды шарты. Әділетті қоғамда әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтары сақталады, ал заң алдында бәрі тең.
Мұндай қоғамның негізі мықты, жан-жақты ойластырылған және уақыт талабына сай жаңартылған Конституция болмақ. Жаңғырған Конституция – бұл тек құқықтық құжат емес, ол елдің болашағын анықтайтын стратегиялық бағыт, әділетті қоғам құрудың сенімді кепілі.
Қазақстан Республикасының Ата Заңы 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді.
Конституциямыз 9 тараудан, 98 баптан тұрады.Атап айтсақ «Жалпы ережелер», «Адам және азамат», «Президент», «Парламент», «Үкімет», «Конституциялық кеңес», «Соттар және сот төрелігі», «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару», «Қорытынды және өтпелі ережелер» тараулары бар.
Конституция – мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады.
Бұл – тәуелсіз Қазақстанның екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, жоғарғы заңнамалық күші бар ерекше нормативтік құқықтық акт. Конституция мемлекеттің саяси-құқықтық және экономикалық жүйелерінің негіздерін анықтайды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық институттарды жаңғыру, нығайту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және дамыған елдер қатарына ену жолында қоғамды шоғырландырудың қуатты факторы.
А. Белгібаева,
Өскемен қаласы мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің бас маманы