KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

ШҚО әкімі азаматтарды Конституция күніне орай құттықтады

Фото: egemen.kz

30.08.2023, 16:03 273

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев ел азаматтарын Конституция күніне орай құттықтап, жазба жариялады.
Аймақ басшысы ел өмірінің әр саласындағы Ата Заңның маңызын баса атаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бүгін елімізде айтулы мереке Конституция күнін атап өтіп жатыр. Қазақстан Республикасының Ата Заңы әрбір азаматтың құқығы мен бостандығының кепілі. Бұл әлеуметтік-экономикалық саладағы барлық оң өзгерістердің, өмірдің барлық салаларындағы реформалардың, демократия мен заң үстемдігі қағидаттарын сақтаудың іргетасы. Конституциялық нормалар экономикалық дағдарыстарды сәтті еңсеруге және сенімді алға жылжуға ықпал етеді. Қазақстан Республикасының Ата Заңының арқасында табысты, мықты, әділ мемлекет құрып жатырмыз. Конституцияның әрбір бабы патриотизм рухына, тәуелсіз елге деген сүйіспеншілікке толы. Бұл біздің ұлттық байлығымыз болып табылатын ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін Негізгі Заң. Барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! дейді облыс әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив