Өскеменде Конституция күні мен Қала күні мерекесі аталып өтеді
30 тамыз күні Өскеменнің басты алаңы мерекелік орталыққа айналады. Таңертеңнен бастап қала тұрғындары мен қонақтары үшін алуан түрлі көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастырылып, балаларға арналған ойын алаңдары ашылады. Республика алаңында бал фестивалі, «Дәмді Fest» гастрономиялық көрмесі, «Күздің сыйы» ауылшаруашылық жәрмеңкесі мен қолөнер шеберлерінің туындылары ұсынылады.
Сағат он бірде Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған ресми бағдарлама басталып, одан кейін «Өскемен батыры» атты күш атлеттерінің шоуы өтеді. Ал кешкі сағат алтыдан бастап мерекелік концерт қойылады. Сахнаға қазақстандық әншілер шығып, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Концертті белгілі жүргізушілер Анара Батырхан мен Даке жүргізеді. Кештің басты қонағы – ALEM тобы.
Мерекелік күн дәстүр бойынша түнгі сағат ондарда отшашумен аяқталады. Жарқыраған әсем от фейерверкі Өскеменнің аспанын нұрға бөлеп, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Дамир Омаров
Оқи отырыңыз