KZ
Өскемен
-6°
плотный туман жел 2 м/с, С
505.53 593.44 6.34

Елена Березинская-Абилова: Шағын және орта бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашылады

10.09.2025, 14:00 216 Әбішев Ержан

Шығыс Қазақстан облысы іскер әйелдері кеңесінің төрайымы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы кейбір тармақтарға пікір білдіріп, өңір мен ел тұрғындары үшін Мемлекет басшысынан жаңа бағыт-бағдар алу маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Президент өз Жолдауында еліміздегі экономикалық реформаны түсінуге нақты жол көрсетті. Біз экономикалық тәртіпті меңгеру қажет екенін жиі айтамыз. Ал Президент әкімдіктер бюджет қаражатын барынша тиімді жұмсау керектігін нақты міндеттеді, – деді Елена Березинская-Абилова.

Оның пікірінше, бұл халықтың билікке деген сенімін арттырады және қаражатты игеру процесінің ашық болуына септігін тигізеді.

– Сондай-ақ Президенттің кәсіпкерлік ортаға назар аударғаны ұнады. Шағын, орта және ірі бизнес салық реформасын күтуде, ол кәсіпкерлер үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс. Бұл әрбір адамның жүрегінде өзіндік резонанс тудыруы керек, – деді өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

Ол Президент Жолдауында туристік салаға жеткілікті көңіл бөлгенін атап өтіп, бұл өңірдегі негізгі тақырыптардың бірі екенін айтты. Туристік кластерді дамытуға күш салып жүрген облыс тұрғындары үшін Мемлекет басшысынан бағыт-бағдар есту өте маңызды болды.

Елизавета Седых

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу