Шығыс Қазақстандағы болашақ ЖЭО: алғашқы қадамдар
Өскемен қаласында ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығының жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Холдингтің жоспарына сәйкес, биылдың өзінде Энергетика министрлігімен инвестициялық келісімге қол қою көзделіп отыр. Ал 2026 жылдың көктемінде құрылыс қалашығын, қоймаларды және кіреберіс жолдарды салу жұмыстары басталмақ.
Жаңа нысан қуаттылықты арттыру мүмкіндігін және көмірқышқыл газы мен шаң бөлінуін 5 есе азайтатын бірегей экологиялық сүзгілерді орнатуды ескере отырып жобалануда.
Кездесу барысында энергиямен жабдықтау, жылу қуаты және станцияға түсетін жүктеменің артуына байланысты туындауы мүмкін қауіп-қатер мәселелері де талқыланды.
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі


