KZ
Өскемен
-11°
небольшой снег жел 8 м/с, З
514.74 599.36 6.71

Өскемен гарнизоны: Жолдау ел қорғанысына да серпін береді

8.09.2025, 14:10 245 Төлеуғазы Жансая

Өскемен гарнизонының әскери қызметшілері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған бастамаларды қолдайтындарын жеткізді. Олар ел тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қорғау – басты міндет екенін атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жолдауда Мемлекет басшысы еліміздің алдағы даму бағытын айқындап, нақты тапсырмалар берді. Әсіресе цифрландыру, ауыл шаруашылығының қауіпсіздігі, құрылымдық өзгерістер мен халықтың әлеуметтік жағдайына ерекше мән берілді.

27943 әскери бөлімнің командирі, подполковник Жаннұр Сатқынов Жолдаудың қорғаныс саласына да әсер ететінін атап өтті.

– Президент үш жылда Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыруды тапсырды. Жасанды интеллект барлық салада қолданылуы тиіс деді. Бұл әскерге де қатысты. Мысалы, Smart-cargo сияқты жүйелер әскери логистика мен құжат жүргізуді жеңілдетіп, кадрлық процестерді тиімді етеді, – деді ол.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу