2026 жылдан бастап әлеуметтік салықты есептеу тәртібі өзгереді
stock.adobe.com
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік салықты есептеудің жаңа тәртібі күшіне енді. Енді әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың өзара байланысы алынып тасталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жаңа ережелерге сәйкес, бірыңғай мөлшерлеме 11%-дан 6%-ға дейін төмендетілді. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен қайта өңдеушілер үшін жеңілдетілген мөлшерлеме белгіленіп, ол 1,8% деңгейінде бекітілді.
Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін де төлем тәртібі нақтыланды: олар өздері үшін 2 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), ал әрбір жалдамалы қызметкері үшін 1 АЕК төлеуге тиіс.
Ал шаруа қожалықтарына арнайы төмендетілген мөлшерлеме қарастырылған: қожалық иесі үшін – 0,6 АЕК, әр қызметкер үшін – 0,3 АЕК.
Бұл өзгерістер салық жүктемесін азайтуға және кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған.