Бүгін ШҚО-да 3 градусқа дейін үсік күтіледі
«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 15 қыркүйекте түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Сондай-ақ түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 3 градусқа дейін үсік болады деп болжануда.
ШҚО ТЖД тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.
– Автокөлік жүргізушілері мұқият болып, жылдамдық режимін сақтауы тиіс. Жаяу жүргіншілер жарақат алмау үшін абай болғаны жөн. Желдің күшеюі кезінде электр сымдары мен тербелетін заттарға жоламаңыз, аялдама артында немесе ағаштардың астында тұрмаңыз. Төтенше жағдай орын алған жағдайда «112» бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз,- делінген ресми хабарламада.
Оқи отырыңыз