Шығыс Қазақстанда «Бекет-2025» ведомствоаралық оқу-жаттығуы басталды
29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында жоспарлы «Бекет-2025» ведомствоаралық оқу-жаттығуы өткізіліп жатыр.
Аталған оқу-жаттығу жыл сайын ұйымдастырылып, жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау және арнайы қызметтердің төтенше жағдайлар мен ықтимал қатерлерге жедел әрекет ету дайындығын тексеруге бағытталған.
Іс-шара барысында оқу дабылы бойынша күштерді көтеру, әскери және арнайы техниканың колонналарымен жүру, сондай-ақ түрлі қызметтердің бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру шаралары пысықталады.
Оқу-жаттығу аясында әскери техниканың көшелермен жүруі және кейбір учаскелерде автокөлік қозғалысының уақытша шектелуі мүмкін. Бұл — алдын ала жоспарланған іс-шаралардың бір бөлігі.
Облыс тұрғындарынан сабырлық сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді, сондай-ақ уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Барлық іс-қимылдар оқу-жаттығу шеңберінде жүргізіледі, халық үшін ешқандай қауіп төндірмейді.
Сонымен қатар азаматтардан қоғамдық тәртіпті сақтап, тартылған мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындау қажеттігі ескеріледі.


