KZ
Өскемен
-7°
туман жел 2 м/с, СБ
505.53 593.44 6.34

ШҚО-да «Бекет-2025» оқу-жаттығулары өтеді

Фото: ШҚО әкімдігі баспасөз қызметі
Фото: ШҚО әкімдігі баспасөз қызметі
16.09.2025, 16:10 235 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстанда қыркүйек-қазан айларында «Бекет-2025» атты ауқымды оқу-жаттығулар өтеді. Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың жетекшілігімен өткен арнайы кеңесте белгілі болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаттығулар 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында ұйымдастырылса, 1-10 қазан күндері әскери міндеттілер шақырылады. Негізгі мақсат – төтенше жағдай немесе әскери қатер туған сәтте жергілікті атқарушы органдар мен күштік құрылымдардың, сондай-ақ әскери бөлімдердің өзара іс-қимылын шыңдау.

Шараға 1200-ден астам әскери қызметші мен түрлі құрылымдардың өкілдері қатысып, 70-тен аса әскери және арнайы техника жұмылдырылады. Сонымен бірге облыстың барлық басқармалары мен орталық мемлекеттік органдардың жергілікті бөлімшелері – ҰҚК, полиция, қорғаныс істері, қылмыстық-атқару жүйесі, төтенше жағдайлар және басқа да құрылымдар атсалысады. Жаттығуларға ШҚО аумақтық қорғаныс бригадасы да қатыспақ.

Мамандардың айтуынша, мұндай дайындық шаралары Шығыс Қазақстанның қорғаныс қабілетін арттырып қана қоймай, қауіп төнген жағдайда шұғыл әрі үйлесімді әрекет етуге мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу