ШҚО-да терроризмге қарсы жаттығу өтіп жатыр
сурет ашық дереккөзден алынды
Шығыс Қазақстан облысының аумағында терроризмге қарсы жаттығу өтіп жатыр.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабтың ақпаратына сүйенсек, оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал нысандарда террористік жағдайдың өрбуіне байланысты жедел қимылдау шаралары пысықталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Сондай-ақ бірқатар шектеулер болады. Мәселен көлік қозғалысы шектеледі. Аймақ тұрғындарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға шақырамыз», - деп мәлімдеді штаб.
Оқу-жаттығу шаралары 31 наурызға дейін болады.