KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Көкпардан ұлттық құрама АҚШ командасын жеңді

10.09.2024, 15:12 12 763 Қуаныш Рахметоллаұлы

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы АҚШ-тан келген көкпаршыларды 12-4 есебімен жеңді. Айта кетейік көкпардан АҚШ құрамасы сапында мұхиттың арғы жағынан арнайы америкалық ковбойлар да бар. 

«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия  және Түркия. Көкпардвн жарыстың басты фавориттернің бірі Қырғызстан Түркия құрамасын 15-1 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.  Финалдық ойындар 12 қыркүйекте өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу